🇰🇿 Республика күніне орай – рухани мұраға құрмет! ⚜️ Республика күні қарсаңында «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Алтын қор» және «Жас маман – жаңа қадам» атты кітаптарды табыстады. ⚜️ Аталған кітаптарда білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен педагогтердің кәсіби ізденістері көрініс тауып, өңірдің білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан еңбектер жинақталған. ⚜️ Кітаптарды музей қорына табыстау – білім беру саласының құнды мұрасын сақтау, дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам. 🇰🇿 Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, рухани мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы ортақ міндет!