2026 жылғы 15 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Психикалық денсаулық – ұлттың саулығы» психологиялық онкүндігі аясында «Сүйенуге болатын адамдар» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді.Мақсаты: оқушыларға өзара қолдау, сенім және қиын жағдайларда бір-біріне көмектесудің маңыздылығын түсіндіру.Міндеттері: ынтымақтастық, өзара түсіністік, бір-біріне сенім арту және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамыту.Сабақ барысында оқушылар сенім мен өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған қызықты жаттығу орындады. Жұппен жұмыс істей отырып, балалар қарындашты сұқ саусақтарының ұшымен ұстап, оны түсіріп алмауға тырысты. Осы қалыпта бірге отырып-тұрып, қолдарын оңға, солға, жоғары және төмен қозғады.Жаттығу барысында оқушылар серіктесін сезінудің, қимылдарын үйлестірудің, шыдамдылық танытудың және бір-біріне қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін түсінді.Нәтижесі: оқушылар белсенділік, ынта және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Олар өзара түсіністік пен қолдаудың арқасында күрделі тапсырмаларды орындау жеңілдей түсетініне көз жеткізді.Сабақтың негізгі түйіні: жаныңда қолдау көрсететін адамдар болса, қиындықтарды жеңу әлдеқайда оңай!