Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары
18 тамызда аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Р.А. Анбаевтың қатысуымен «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында тамыз педагогикалық конференциясы аясында пленарлық отырыс өтті.
Отырыс барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім беру жүйесінің белгілі бір қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды.
Конференцияда ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. Мектебіміздің түлегі Ткаченко Кирилл 140 мүмкін балдың ішінен 137 балл жинап, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.
Мектеп директоры Ахметова С.Б.-ны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – білім беру саласына қосқан елеулі еңбектің, кәсіби шеберлік пен адал еңбектің лайықты бағасы. Мектеп ұжымына толағай табыстар, жаңа жетістіктер және биік белестер тілейміз!