1 қыркүйек күні мектебімізде Білім күніне және жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шара өтті!
Бұл күн оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды қайтадан бір шаңырақ астына біріктірді. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, білім әлеміне қызықты саяхатқа қадам басқан бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше толқынысқа толы болды.
«Мектепке жол» акциясы аясында «Es Global Agro» ЖШС өкілі әрбір бірінші сынып оқушысына мектепке қажетті оқу құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелерін табыстады.
Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтерге құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Балаларға оқу үлгерімдеріне табыс, жаңа жаңалықтар, қызықты оқиғалар, адал достар және жарқын жетістіктер тілегін білдірді!
Жаңа оқу жылы білімге, игі істерге, шығармашылыққа және жеңістерге толы болсын!