Меню KDT

Новости

Главная Новости

Менің елім – менің мақтанышым

Қазақстан Республика күні қарсаңында білім алушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, туған елінің тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында «Менің елім – менің мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар Республика күнінің маңызы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздер, еліміздің жетістіктері мен көрнекті тұлғалары туралы әңгімелесті. Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы бірлік, бейбітшілік, келісім және достық құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Оқушылар тақырыптық әңгімелерге, викториналар мен пікірталастарға белсенді қатысып, Отан туралы өз ойларымен бөлісті, туған өлкенің әсемдігі жайында әңгімелеп, өз елін неліктен мақтан тұтатынын жеткізді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено