2026 жылғы 16 қазанда "№2 Новоишим орта мектебі" КММ мектепалды сыныбында «Күзгі бал» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғаттың әсемдігін сезіндіру, күзгі байлықтар туралы білімдерін кеңейту, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, ұйымшылдыққа және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара барысында балалар күз туралы қызықты ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Көңілді ойындар арқылы өз білімдерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.