«Балақайлар мектебі» өз мәресіне жетті!
🌈 «Балақайлар мектебі» өз мәресіне жетті! 🎓📚
Болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке даярлауға арналған қызықты да танымды сабақтарымыз аяқталды. Осы уақыт ішінде балалар көп нәрсе үйреніп, мектеп өміріне алғашқы сенімді қадамдарын жасады! 🏫✨
Сабақ барысында біз:
🔢 сандар және цифрлармен танысып, санауды, салыстыруды үйреніп, қызықты тапсырмалар орындадық;
✍️ қолды жазуға дайындап, сызықтар, өрнектер және әріп элементтерін жаздық;
🔤 сөздерді буынға бөліп, сөйлеу тілін дамытып, сөздік қорымызды молайттық;
🧩 логикалық тапсырмалар орындап, кеңістікті бағдарлауды үйрендік;
🎨 сурет салып, мүсіндеп, шығармашылық жұмыстармен айналыстық;
🎲 дамытушы және қимылды ойындар ойнадық;
🖥️ интерактивті тақтамен жұмыс жасадық;
🤝 бір-бірімізді тыңдауды, сұрақтарға жауап беруді, өз бетінше және бірлесе жұмыс істеуді үйрендік.
Ең бастысы — балалар өздеріне сенімді, зейінді әрі дербес бола түсті. Жаңа тапсырмалардан қорықпай, білімді қызығушылықпен меңгеруге үйренді. ❤️
Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектептегі алғашқы қадамдары сәтті болып, оқуда озат, достары көп болуын және әр күндері жаңа әрі қуанышты жаңалықтарға толы болуын тілейміз! 🌟
Ақ жол, болашақ бірінші сынып оқушылары! Мектеп өмірі қызықты да табысты болсын! 🔔🎒Алгазина Ж.А. Мукашева Ш.Д. Баяхметова З.С.
#МалышкинаШкола
#БалақайларМектебі #МектепкеДайындық #БолашақБіріншіСыныпОқушылары #ОйнапҮйренеміз #БіріншіСыныпқаДайындық #БіріншіСынып #МектепӨмірі #АқЖол