29–30 қазан күндері Қызылорда қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және суды үнемдеу дағдыларын дамытуға бағытталған республикалық семинар өтті.
🌱 БІЛІМ АРҚЫЛЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ!
29–30 қазан күндері Қызылорда қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және суды үнемдеу дағдыларын дамытуға бағытталған республикалық семинар өтті.
Ауқымды іс-шараға облысымыздың әдіскерлері мен білім саласының өкілдері қатысып, тәжірибе алмасты.
💧 Семинар аясында қатысушылар озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісіп, оқушылардың зерттеу жобаларын, суды үнемдеу технологиялары мен экологиялық бастамаларын таныстырылды.
🌍 Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сауатты әрі саналы азамат қалыптастыруға жол ашты.
🤝 Семинар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, Қызылорда облысының әкімдігі және серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылуда. Жоба Француз даму агенттігінің (AFD) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Табиғатты қорғау – бүгінгі міндет, болашақ алдындағы жауапкершілік! 🌿