Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектеп тамақтандыруының сапасы мен ұйымдастырылуын бақылауды күшейту мақсатында 2026 жылғы 21 қазанда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нің мониторингтік комиссиясы мектептің асханасы мен ас блогына тексеру жүргізді. Тексеру барысында комиссия қажетті құжаттамалар мен журналдардың жүргізілуін қарастырды: дайын және шикі өнімдерді бракераждау, денсаулық, температуралық режим және дәрумендеу. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтың күйі және бақылау порциясының бар-жоғы тексерілді. Ыдыс-аяқтың таза, қанағаттанарлық күйде екендігі анықталды. Бақылау порциясы толық көлемде ұсынылған және күнделікті мәзірге сәйкес келеді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено