ПӘНДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАР:
ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА КӘСІБИ БАҒДАРЛАР
Солтүстік Қазақстан облысында білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және алдағы оқу жылындағы қызметтің басым бағыттарын айқындау мақсатында педагогтердің кәсіби қоғамдастығын біріктірген пәндік қауымдастықтар жұмысының қорытындысы шығарылды.
Пәндік қауымдастықтардың отырыстарына облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 3000-нан астам педагог пен мектеп басшысы қатысты.
Қатысушылардың назарында білім беруді дамытудың өзекті міндеттері, оқу пәндерін оқыту сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу мәселелері болды.
Отырыстардың маңызды нәтижелерінің бірі — 2026–2027 оқу жылына арналған пәндік қауымдастықтар қызметінің басым бағыттарын айқындау және жұмыс жоспарын әзірлеу болды.
Жоспарға кәсіби кездесулер, семинарлар, практикумдар, шеберлік сабақтары, нәтижелі педагогикалық тәжірибемен алмасу, тәлімгерлікті дамыту және мұғалімдердің кәсіби өзара ынтымақтастығына жағдай жасау бағыттары енгізілді.
Пәндік қауымдастықтар — білім беру мәселелерін талқылайтын жай ғана алаң емес. Бұл — кәсіби диалог, өзара қолдау, жаңа шешімдер іздеу және білім беру сапасын арттыруға мүдделі педагогтерді біріктіретін орта.
Алда жаңа оқу жылы, жаңа міндеттер мен кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері күтіп тұр.