«СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ: БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
«СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ: БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ
«Сенімді дос» бағдарламасы аясында мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне 111 бірыңғай сенім телефоны туралы ақпараттық брошюралар таратылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайту, мінез-құлықтағы келеңсіз өзгерістердің алдын алу және қиын жағдайға тап болған балаларға уақытылы қолдау көрсету жолдарын түсіндіру. Ақпараттық материалдарда оқушылардың көңіл күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, оларға жанашырлық таныту, сенімді қарым-қатынас орнату және қажет болған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне бағыттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әр баланың өмірі мен тағдыры маңызды! Баланы тыңдау, түсіну және дер кезінде қолдау көрсету – оның қиындықтарды еңсеруіне жасалған маңызды қадам. ВИДЕО