Ағылшын тілі онкүндігі аясында 8–11-сынып оқушыларына арналған «Word Formation» («Сөзжасам») тақырыбында интерактивті үзіліс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын байыту, сөзжасам дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және танымдық белсенділігін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, сөздерді түрлендіру және жаңа сөздер құрастыру арқылы білімдерін шыңдады. Олар белсенділік танытып, тапсырмаларға қызығушылықпен қатысты. ВИДЕО