2026 жылғы 23 қазанда Ковыльный орта мектебінде «Күзгі асар» атты күзгі жәрмеңке өтті. Бұл іс-шара «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасы мен «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жәрмеңке оқушыларға өз шығармашылығын, бастамашылдығын, іскерлігі мен еңбекқорлығын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Қатысушылар ерекше ыждағатпен және ынтамен дайындалған алуан түрлі күзгі дәмді тағамдар мен өнімдерді ұсынды.
Мұндай іс-шаралар еңбекке деген құрметті қалыптастырады, кәсіпкерлік дағдыларды дамытады, сондай-ақ жауапкершілікке, өзара қолдауға және өз маңдай терімен келген еңбек нәтижесін қадірлеуге үйретеді.