Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық сабақ өтті.

2026 жылғы 23 қазанда «Ковыльный орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрамындағы «Байшешек» шағын орталығында 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық сабақ өтті.
Сабақ барысында балалар еліміздің басты ұлттық мерекесі және мемлекеттік рәміздері туралы біліп, өз Отаны, оның сұлулығы мен бай мәдениеті жайында әңгімелесті.
Мұндай іс-шаралар балалар бойында патриотизм сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілікті, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.
💙 Балаларымыздың жүрегінде ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне деген мақтаныш сезімі және оның жарқын болашағына деген ұмтылыс ұяласын!
🇰🇿 Республика күні құтты болсын, Қазақстан!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено