Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысы мен бірлігінің негізі. Әр тілді құрметтеу – ортақ құндылықтарымызды құрметтеу!
2026 жылғы 7–18 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында облыстың білім беру ұйымдарында тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттыруға, тіл мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыруға және білім алушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды.
7 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндіктің салтанатты ашылуы өтіп, оған облыстың барлық білім беру ұйымдары қатысты. Ашылу барысында қатысушылар онкүндіктің бағдарламасымен, негізгі бағыттарымен және жоспарланған іс-шараларымен танысты.
Тілдер онкүндігі аясында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, педагогтер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, кітапханашылар мен ата-аналар белсенділік танытты.
Ұйымдастырылған іс-шаралар мемлекеттік тілді насихаттауға, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға, білім алушылардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
Іс-шаралар барысында ойын, шығармашылық, онлайн және интерактивті жұмыс түрлері кеңінен қолданылып, олардың мазмұнды әрі қызықты өтуіне, қатысушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Жалпы, тілдер онкүндігі бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарының түрлі санаттағы қатысушыларын қамтыды.