2026 жылғы 31 қазанда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Туленова Ж.Е. және 7-сынып жетекшілері Осипова А.К. мен Алмухамбетова М.Н. бірлесіп, «Түнгі ауылдағы балалар» профилактикалық рейдін өткізді.
Рейд барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар араланып, кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан кейін көшеде жүру жағдайларының алдын алу мақсатында бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар рейдтің негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын қауіпсіз ұйымдастыруға назар аудару, түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.