Меню KDT

Новости

Главная Новости

Оқушылардың білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру

2026 жылдың 29 қазан күні
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Жаңашыл» шығармашылық тобының «Оқушылардың білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру» тақырыбында ІІ отырысы өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты:оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелеу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу.
Отырыс барысында шығармашылық топ жетекшісі Калиева Жанар Кенжебаевна мектепішілік, аудандық және облыстық байқаулар мен пәндік олимпиадаларға қатысатын оқушыларды анықтау, оларды жүйелі дайындау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметжанова Аспет Руслановна «Цифрлық дәуірдегі тіл мен әдебиет» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, заманауи цифрлық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, шығармашылық топ мүшелері 5–11-сыныптар бойынша бөлімдік бағалау нәтижелеріне сараптама жасап, оқушылардың білім сапасы мониторингін талқылады. Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлардың орындалуы, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы қарастырылды.
Отырыс қорытындысында білім сапасын арттыру, оқушыларды пәндік олимпиадалар мен байқауларға сапалы дайындау, оқытудағы тиімді әдістерді жетілдіру және мұғалімдер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту бағытында алдағы міндеттер айқындалды.
«Жаңашыл» шығармашылық тобының басты ұстанымы-үздіксіз ізденіс, жаңашыл көзқарас, сапалы білім және нәтижелі еңбек!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено