Меню KDT

Новости

Главная Новости

Педагогикалық кеңес

«2026 жылғы 28 қазан күні №2 Новоишим орта мектебі»КММ педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңестің негізгі мақсаты – оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, цифрлық білім беру мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және І тоқсан қорытындысын талдау.
📌 Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қарастырылды:
Ахметжанова А.Р. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Цифрлық дәуірдегі тіл мен әдебиет» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Филонова Т.А. – бастауыш сынып мұғалімі «Цифрлық ортада бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Герт Р.А. – химия пәнінің мұғалімі «Әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру» мәселесіне тоқталды.
Шакеева Д.М. – педагог-психолог «Жас педагогтердің кәсіби бейімделуінің психологиялық аспектілері» тақырыбында өз ой-пікірі мен тәжірибесін ортаға салды.
Ромазанова А.Д. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары І тоқсан қорытындысы бойынша мектептің оқу қызметінің нәтижелеріне талдау жасап, білім сапасын арттыру және білім олқылықтарының орнын толықтыру бағытындағы міндеттерді айқындады.
Туленова Ж.Е. – әлеуметтік педагог оқушылардың сабаққа қатысу жағдайы, сабақтан қалу мен кешігудің алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.
Кеңес барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады. Өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыс бағыттары белгіленді.
Педагогикалық кеңес – кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен шешім қабылдау және білім сапасын арттырудың маңызды алаңы!
Сапалы білім – білікті ұстаз бен жүйелі жұмыстың нәтижесі!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено