Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия асханасына кезекті тексеру жүргізді

2026 жылғы 5 қарашада тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің асханасына кезекті тексеру жүргізді. Мониторингтің мақсаты — білім алушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасын бағалау, тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларымен танысу және санитариялық талаптардың сақталуын бақылау.
Тексеру барысында күнделікті ас мәзірінің бекітілген перспективалық мәзірге сәйкестігі қаралды. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің сапасын растайтын сертификаттардың болуы, асхананың санитариялық жағдайы және қызметкерлердің медициналық кітапшалары тексерілді. Асханадағы тазалыққа, тамақтану орнының ұқыптылығына және ыдыстардың жай-күйіне назар аударылды.
Комиссия мүшелері дайын тағамдардан сынама алып, олардың дәмін, сапасын және сыртқы түрін бағалады. Тағамдардың таза, жарықтары мен сынықтары жоқ, бүтін ыдыстарда ұсынылатыны анықталды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено