Педагогикалық өсу аумағы» облыстық педагогикалық конкурсы
№2 Новоишим орта мектебінің педагогтері «Педагогикалық өсу аумағы» облыстық педагогикалық конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін жоғары деңгейде көрсетті.
Аталған байқауға мектебіміздің мұғалімдері Алдажанов Б.Р., Сұлтанғали А.Ә., Байкен Т.Т., Жуандыков А.У., Сапарова Т.О., Еслямова У.П., Герт Р.А.Алгазина Ж.А. және Осипова А.К. қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
**Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған педагогтеріміз:**

І орын– Еслямова У.П., Герт Р.А. Алгазина Ж.А.

ІІ орын – Байкен Т.Т.

ІІІ орын– Жуандыков А.У., Сапарова Т.О.
Бұл жетістіктер – педагогтердің кәсіби ізденісінің, үздіксіз дамуға деген ұмтылысының және шығармашылық еңбегінің нәтижесі.
Барлық қатысушы ұстаздарға белсенділіктері мен кәсіби тәжірибелерін ортаға салғандары үшін алғыс білдіреміз! Жүлдегер әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз еселене берсін!Мектебіміздің мерейі үстем бола берсін.
