Беняш орталау мектебі.2026 жылғы 17 тамыздан 28 тамызға дейін ,,Беняш орталау мектебі”КММ-де Мағжан Жұмабаев ауданының қысқа мерзімді мектепалды даярлық ,,Балақайлар мектебі” бағдарламасы іске асыру басталды.Болашақ бірінші сынып оқушылары бастапқы білім ала алады.Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.Сабақтың басталуы 10.00-де.Сабақтар әртүрлі ойын түрінде өткізіледі:ойын жаттығулары мен тапсырмалар оқу үдерісін түрлендіруге және баланың зейінін ,жұмысқа қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.Сабақ барысында балалар сөйлеу,есте сақтау,зейін қою және қиял қабілеттерін дамытады.Ең бастысы-әр баланың мектепке деген алғашқы қадамы сәтті болып,жақсы көңілге толы болуы.