Меню KDT

Новости

Главная Новости

1 қыркүйек

📚✨ 1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын!
Бүгін — білімге бастар жолдың бастауы, мектеп өміріндегі ең ерекше күндердің бірі. 🏫🌸
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, білім ордасымыз тағы да балғын бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісіне бөленді.
Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндеріміз үшін бүгінгі күннің орны ерекше! 🎒📖
Ақ жол, жас өрендер! Алғашқы қадамдарың нық, білім жолдарың жарқын болсын! Әр күндерің қызықты жаңалықтарға, жақсы жетістіктерге толы болғай! 💐
Барша оқушыларымызға жаңа оқу жылында толағай табыс, биік белестер, шығармашылық шабыт тілейміз!
Ұстаздарға еңбектеріңізге жеміс, ата-аналарға қуаныш пен мақтаныш тілейміз!
1 қыркүйек — Білім күні құтты болсын! 🇰🇿📚
Жаңа оқу жылы сәтті басталсын! ✨
Сонымен қоса,
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары 1-9 сыныптар арасында өтті.
Мақсаты: Ата Заңды білетін, құрметтейтін және соған сәйкес өмір сүретін ұрпақ тәрбиелеу.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено