Денсаулықты нығайту мақсатында ауыл медбикесі Укенова Р. Ж. оқушыларға «Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану мерекесі» тақырыбында қызықты әрі танымды дәріс оқыды.
Дәріс барысында дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, пайдалы тағамдардың адам ағзасына әсері және салауатты өмір салтын ұстану туралы айтылды.
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі! Әрдайым пайдалы тағам таңдап, денсаулығымызды күтейік! �