Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Адал Азамат – ел болашағы» дебат фестивалі

2026 жылғы 20 қазанда мектебімізде өткен «Адал Азамат – ел болашағы» адалдық фестивалінен бейнежазбамен бөлісеміз!
Іс-шараға Бірінші қалалық IT-лицейдің, БЭСТ гимназиясының, Н. Крупская атындағы №10 орта мектептің және №7 орта мектептің командалары қатысты.
💬 Дебат қатысушылардың пікір алмасуына, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және адалдық, әділдік пен азаматтық жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды талқылауға мүмкіндік берді.
👏 Барлық қатысушыларға белсенділіктері, мазмұнды пікірлері мен жарқын өнер көрсетулері үшін алғыс білдіреміз! Сондай-ақ оқушыларды дайындап, фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұстаз-тәлімгерлерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Білімге деген құштарлық, адалдық пен әділдік алдағы жетістіктеріңіздің негізі болсын!
Адал Азамат – ел болашағы!

Видео


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено