Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы.
«№7 орта мектеп» КММ-де тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Отырыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
🔹 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыру және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
🔹 Білім сапасын арттырудағы оқу мотивациясының рөлі.
🔹 «Балажан» платформасындағы жұмысты ұйымдастыру.
🔹 ІІ тоқсанға арналған тәрбие жұмысын жоспарлау, басым бағыттар мен міндеттерді айқындау.
Отырысқа қатысушылар тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты және алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға, мектеп, педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.
Бірлескен жұмыс – әр баланың жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне қолайлы орта қалыптастырудың кепілі!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено