Бүгін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектормен бірлесіп, 2 және 5-сынып оқушыларына профилактикалық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, мектептегі тәртіп ережелері, жеке шекараны құрметтеу және қауіпсіз қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.