
«Сапаны сақтау» өңірлік жобасы аясында СҚО Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Молодогвардейское негізгі орта мектебі» КММ-де 5-сынып оқушыларының негізгі мектептегі оқу үдерісіне бейімделу ерекшеліктері тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
«Кездесу барысында бастауыш сыныптан орта буынға ауысқан балалардың бейімделу кезеңіндегі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық дайындығын арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бесінші сынып оқушыларының жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылды».
«Жиналыс барысында бейімделу кезеңінің ерекшеліктері, оқушылардың 5-сыныпқа ауысу кезіндегі өзгерістер, оқудағы, қарым-қатынастағы және эмоционалдық жағдайдағы ықтимал қиындықтар қарастырылды. Ата-аналарға баланы қалай қолдауға, оның өз бетінше әрекет етуіне көмектесуге, оқуға деген оң мотивацияны сақтауға және мектеппен сындарлы қарым-қатынас орнатуға қатысты ұсынымдар берілді».
«Жиналысқа дайындық аясында педагог-психолог 5-сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізді. Бұл оқушылардың мектеп өмірінің ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, көңіл-күйлері мен оқуға деген көзқарастарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ата-аналар арасында отбасындағы қарым-қатынас пен бала мен ата-ана арасындағы түсіністікті айқындауға бағытталған «Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?» атты сауалнама өткізілді.»
В рамках регионального проекта «Сапанысақтау» в КГУ «Молодогвардейская основная средняя» района Магжана Жумабаева СКО в 5 классе прошло родительское собрание на тему «Особенности адаптации пятиклассников к обучению в основной школе».
Целью встречи стало повышение психолого-педагогической компетентности родителей в вопросах адаптации детей при переходе из начальной школы в среднее звено, а также объединение усилий школы и семьи для создания благоприятных условий обучения и развития пятиклассников.
В ходе собрания были рассмотрены особенности адаптационного периода, изменения, с которыми сталкиваются учащиеся при переходе в 5 класс, возможные трудности в обучении, общении и эмоциональном состоянии. Родители получили рекомендации о том, как поддержать ребенка, помочь ему стать более самостоятельным, сохранить положительную мотивацию к обучению и наладить конструктивное взаимодействие со школой.
В рамках подготовки к собранию педагогом-психологом было проведено анкетирование учащихся 5 класса, которое позволило лучше понять особенности их школьной жизни, интересы, переживания и отношение к учебе. Также среди родителей был проведен опросник «Как хорошо вы знаете своего ребенка?», направленный на осмысление особенностей общения в семье и взаимопонимания между родителями и детьми.