Меню KDT

Новости

Главная Новости

English Teaching Evolution: интеграция, коммуникация және жаңа көкжиектер!

English Teaching Evolution: интеграция, коммуникация және жаңа көкжиектер!
Ағылшын тілінен заманауи сабақ – бұл тек грамматика мен жаңа сөздерді меңгерту ғана емес, сонымен қатар оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, ойлауға және тілді өмірлік нақты жағдаяттарда сенімді қолдануға үйрету мүмкіндігі.
Осы мәселелерге Әдістемелік орталықтың Macmillan Education баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Дағдыларды интеграциялау және коммуникативтік тапсырмалар арқылы тиімді сабақты жобалау» семинары арналды.
Іс-шара ашық сабақтың интерактивті форматында өтіп, педагогтерді кәсіби диалогқа, тәжірибе алмасуға және заманауи әдістемелік тәсілдермен танысуға біріктірді.
Семинар барысында қатысушылар:
🔹 Тілдік дағдыларды практикалық тұрғыдан интеграциялауды және жанды қарым-қатынасқа бағытталған сабақ құру мүмкіндіктерін көрді.
🔹 Тілдік болжам жасау дағдыларын дамытуға, оқуға деген ынтаны арттыруға және әрбір оқушыны оқу үдерісіне белсенді тартуға бағытталған тиімді әдістемелік тәсілдермен танысты.
🔹 Заманауи оқушылардың қызығушылықтары мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген Macmillan Education баспасының 8-сыныпқа арналған жаңа оқулығының тұсаукесеріне қатысты.
Семинар кәсіби идеялар мен практикалық шешімдер алмасу алаңына айналып, ағылшын тілін оқытуда ынтымақтастықтың, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының және заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено