⚜️«Адал азамат тәрбиелеудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәжірибелер» Шал ақын ауданының «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейі» базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыстық семинар өтті.

⚜️Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді пайдалану арқылы оқушылардың бойында «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
⚜️Ауқымды іс-шараға облысымыздың 40 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар барысында заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді қолдану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері қамтылды.
⚜️Қатысушылар жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибелік жұмыстар арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді. Семинар педагогтер арасында кәсіби байланыс орнатуға, озық тәжірибелермен бөлісуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.
⚜️Бүгінгі білім – ертеңгі ұрпақтың болашағы!
Технологияны тиімді пайдаланып, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын адал азамат тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!