«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің 11-сынып оқушыларына арналған «Әділдік өзіңнен басталады!» тақырыбында интерактивті алаң өткізілді.Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларының бойында әділдік сезімін, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды, айналасындағы адамдарға құрмет көрсетуді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.Кездесу барысында оқушылар күнделікті өмірдегі әділдіктің маңызын, адалдық, өзара сыйластық және жауапты шешім қабылдау мәселелерін талқылады.Әділетті қоғам әр адамның өзінен, оның іс-әрекетінен, өзгелерге деген қарым-қатынасынан және ар-ожданымен әрекет етуге дайындығынан басталатынына ерекше назар аударылды.Іс-шараның басты идеясы: әділдік әрқайсымыздан басталады!Ұйымдастырушы: алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің педагог-ұйымдастырушысы.