Меню KDT

Новости

Главная Новости

📚 Ыбырай Алтынсарин – 185 жыл!

📚 Ыбырай Алтынсарин – 185 жыл! Мектеп кітапханасында қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай кітапхана сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ халқының білім беру саласына қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, оның өнегелі әңгімелері мен тәрбиелік мәні зор шығармалары таныстырылды. Кітапхана сағаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлы тұлғаның рухани мұрасын құрметтеуге бағытталды. «Кел, балалар, оқылық!» – ұрпаққа жол көрсеткен ұлы үндеу! 📚 Ыбырай Алтынсарин – 185 лет! В школьной библиотеке состоялся библиотечный час, посвящённый 185-летию со дня рождения выдающегося казахского просветителя, педагога и писателя Ыбырая Алтынсарина. В ходе мероприятия учащиеся познакомились с жизнью и творчеством великого просветителя, его вкладом в развитие образования и культуры казахского народа. Особое внимание было уделено его поучительным рассказам и литературному наследию. Библиотечный час был направлен на развитие интереса к чтению, воспитание уважения к знаниям и сохранение духовного наследия великого просветителя. «Давайте, дети, учиться!» – призыв, который остаётся актуальным и сегодня.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено