9 «В» сынып оқушысы Сұлтанғали Саяжан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленіп, бүгін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Есмагамбетов Арман Рушанович. Саяжан олимпиаданың барлық кезеңінен сәтті өтіп, табандылығының, еңбекқорлығының және жоғары нәтижеге ұмтылысының арқасында осы лайықты марапатқа қол жеткізді.
Саяжанды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолында жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!