Мектебімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен «Кітап оқитын ұлт» идеясын қолдау және кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында READ X әдеби-танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әлемдік және ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сыни ойлау, шығармашылық қабілеттері мен көптілді оқу дағдыларын дамыту. Бағдарлама аясында әлем әдебиеті бойынша танымдық QUIZ, әдеби шығармалар негізінде сахналық қойылымдар және жас оқырмандардың кітап таныстырылымдары ұйымдастырылды.
READ X - кітап арқылы білімге, ізденіске және жаңа мүмкіндіктерге бастайтын ерекше алаң! ВИДЕО