Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Күзгі фестиваль – 2026» аясында бастауыш сынып оқушылары «Күз бояған қолшатыр» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
🎨 Оқушылар күз мезгілінің әсемдігін өз қиялдарымен ұштастырып, қолшатырларды түрлі түсті жапырақтармен, гүлдермен және сәндік материалдармен безендірді.
🍁 Әрбір қолшатыр өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, балалардың шығармашылық қабілеті мен қиялының ұшқырлығын көрсетті.
👏 Барлық оқушыларға белсенділігі мен шығармашылық ізденісі үшін алғыс білдіреміз! ВИДЕО