1–4 сынып оқушылары арасында «Күзгі демалысты қалай өткіздім?» атты шығармашылық сурет байқауы өткізілді.
Жас қатысушылар күзгі демалыстан алған әсерлерімен бөлісіп, суреттерінде демалыстың жарқын сәттерін, табиғат аясындағы серуендерді, күзгі табиғаттың әсем көріністерін және қызықты оқиғаларды бейнеледі.
Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, балаларға тән шынайылығымен, шығармашылығымен және қанық бояуларымен ерекшеленді!