20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні. Бала құқықтарын сақтауға назар аудару, балалар мен жасөспірімдердің қадір-қасиетін құрметтеуді қалыптастыру, қорғау және көмек алу тәсілдері туралы ақпараттандыру мақсатында Қазақстанда «Бала құқықтары - адам құқықтары» республикалық акциясы өткізілуде. «Тоқсан би орта мектебі» КММ-де акция аясында бірқатар іс-шаралар өтті. 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің демалуға құқығым бар» би флешмобы ұйымдастырылды.