2026 жылдың 17 қарашасында «Шерхан Мұртаза мұрасы» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленген 9 «А» сынып оқушысы Қаирова Айымгүлді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – оқушының табанды еңбегі, ізденімпаздығы, шығармашылық қабілеті мен білімге деген құштарлығының нәтижесі.
Жоба жетекшісі – Осипова Айымгүл Қайратовнаға да шәкіртінің жетістігіне қосқан үлесі, бағыт-бағдары мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Шерхан Мұртазаның бай мұрасын зерттеп, ұлт әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Алдағы облыстық кезеңде де биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!