Меню KDT

Новости

Главная Новости

МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚЫДЫРГЕЛДІ НҰРМҰХАМЕТ!

 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА – БІЛІМ МЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ БИІК БЕЛЕСІ!🇰🇿МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚЫДЫРГЕЛДІ НҰРМҰХАМЕТ!

🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА – БІЛІМ МЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ БИІК БЕЛЕСІ!
🇰🇿МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚЫДЫРГЕЛДІ НҰРМҰХАМЕТ!
2026 жылдың 9–13 қараша күндері мектебіміздің мақтанышы, 11-сынып оқушысы Қыдыргелді Нұрмұхамет Астана қаласында өткен ХІХ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысты.
📚 Екі күрделі іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 188 үздік оқушының қатарынан көрінуі– Нұрмұхаметтің білімге деген құштарлығының, тынымсыз еңбегі мен табандылығының айқын дәлелі!
«Бұл жолы жүлделі орынға қол жеткізе алмасам да, осындай жоғары деңгейдегі олимпиадаға қатысудың өзі мен үшін үлкен тәжірибе әрі алға ұмтылуға берілген тамаша мүмкіндік болды. Бұл әсерлі күндер менің есімде ерекше сәт болып сақталады»,– деп Нұрмұхамет өз әсерімен бөлісті.
Нағыз жетістік тек жүлдемен өлшенбейді. Биік мақсатқа ұмтылу, өз мүмкіндігіңді сынау, тәжірибе жинақтау және үздіктер қатарынан көріну – үлкен жеңістің бастауы!
👏 Облысымыздың намысын абыроймен қорғап, мектебіміздің мерейін асқақтатқан Нұрмұхаметке шынайы алғысымызды білдіреміз!
💐 Нұрмұхамет, алдағы білім додаларында биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңе тілектеспіз! Алар асуың көп, болашағың жарқын болсын!
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено