2026 жылдың 20 қараша күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де Жас жол инспекторлары жасағымен (ЮИД) бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жол жүру ережелерін сақтау, жолда абай болу және қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға «Жарық шағылыстырғыш – сенің қорғанысың!» атты ақпараттық парақшалар таратылды.
Жол қауіпсіздігі – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз! Өміріңді сақта, жол ережесін сақта!