«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының бірінші кезеңі қорытындыланды.
№2 «Новоишим орта мектебі» КММ оқушылары марафонның алғашқы бес кітабын оқып шығып, әрқайсысына өз әсерлері мен ойларын жазды және жолдың үштен бірін табыспен еңсерді!
Бес кітап — бес жаңа әлем, бес жаңа ой, бес жаңа белес.
«Талапты оқырман» қола белгісін иелену — бұл сендер үшін үлкен шабыт әрі үлкен жауапкершілік. Өйткені жас оқырман білімге ұмтылса, болашаққа жол ашылады!
Марафонға белсене қатысқан оқушыларымызға шын жүректен алғыс білдіреміз! Жарайсыңдар!