Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы республикалық «Кішкентай кәсіпкер» байқауында «Болашақ құрылысшы» номинациясының иегері атанды!
🏗️ Балалардың қызығушылығы, қиялы мен жасампаздыққа деген ұмтылысы – үлкен идеяларға бастар алғашқы қадам! Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы республикалық «Кішкентай кәсіпкер» байқауында «Болашақ құрылысшы» номинациясының иегері атанды! Байқау аясында бөбекжай-бақшасының педагогикалық ұжымы мектепке дейінгі жастағы балалардың құрастыруға, шығармашылыққа және құрылыс мамандықтарына деген қызығушылығын дамыту бағытындағы жұмыс тәжірибесін ұсынды. Практикалық іс-әрекеттер, түрлі модельдер құрастыру және ойын тапсырмалары арқылы балалар өз идеяларын ойластыруды, жобалауды, тәжірибе жасауды және жүзеге асыруды үйренеді. 👏 Бөбекжай-бақшасының ұжымын және жас қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа қызықты жобалар, тың шығармашылық идеялар мен толағай табыстар тілейміз!