:
УАҚЫТША БОС МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» КММ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Лауазым: математика пәнінің мұғалімі 2. Лауазымдық жалақысы 160000-180000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты) 3. Конкурсты өткізу мерзімі: 13.11.2024 жылы. Сағ: 10:00 4.Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» КММ 5.Мекеменің мекен-жайы: Абай ауылы,Ж.Жантөбетов көшесі 64. Анықтама байланыс телефоны: 41655, abaiauylymektebi@yandex.kz «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» КММ . Біліктілік талаптары: Арнаулы – орта (педагогикалық және жоғары білімі) (педагогикалық) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.10.2024-06.11.2024 жж.аралығы Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат ( идентификация үшін); 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген, бар болса); 4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2020 жылғы 30-қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген). 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама 9) Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) 10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут.Ең төменгі ажыратылымдығы-720х480 12) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
:
Байланыстар: Комиссия хатшысы: А.Т.Сыдыкбаева Тел: +7471608025 Қосылған күні: 28.10.2024
:
29.10.2024