На портале размещены около 1000 образовательных учреждений и несколько крупных районных и областных отделов образования. Цели портала является автоматизация и структурирования деятельности учреждений образования в единой цифровой среде а также развитие сферы образования путем ведения новых методов обучения посредством интеграции вспомогательных сервисов таких как e-learning c возможностью получения сертификации о прохождении обучения или повышения квалификации катирующееся как в странах СНГ, так и во всем мире.
Также платформа дает возможность быть вовлеченным в образовательные процессы не только учреждения но и населению, профильным специалистам, центрам по повышению квалификации путем создания курсов всеми желающими как на бесплатной основе так и с монетизацией
19 қыркүйекте лицей директоры Айгерим Файзуллаевна Уалиеваның бастауымен лицеистердің отбасылары мен ұстаздар әулеттерінің педагогтері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Күн ашық, ғажайып күні Пестрое көлінің жағасындағы «Qyzyljar» экопаркінде лицей өкілдері жиналды: 2 «А» және 6 «А» сынып лицеистері Теймур мен Эмир Копеевтердің отбасы, ұстаздар әулетінің педагогтері Наталья Викторовна Жукова және Алёна Александровна Малая. Жиналғандар ағаш отырғызуға қатысты. Бұл ағаштар көп жылдар бойы саябағымызды көркейтіп, тұрғындарымыз үшін таза ауаны сақтайтын болады. Барлық қатысушыларға зор алғыс білдіреміз!
Құрметті әріптестер! Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Шексіз төзімділіктеріңізге, даналықтарыңызға және жан жылуларыңызға рахмет. Сіздерге мықты денсаулық, күш-қуат және қуанышты күндер көп болсын! Жұмыстарыңыз тек ләззат сыйласын!
Қарттар күніне орайластырылған «Қамқор» жобасы аясында 1 қазанда лицейімізде «Қамқор жүрек» еріктілер акциясы өтті. Лицей оқушылары игі әрі маңызды іске атсалысып, аға буын өкілдеріне ықылас, қамқорлық және құрмет көрсетті.
5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі аясында педагог-психолог «Біз бесінші сынып оқушыларымыз» тренингтік сабағын өткізді. Сабақ балалар ұжымын топтастыруға, командада жұмыс істей білуге, бір-бірін тыңдап, ести білуге бағытталды. Сабақты педагог-психолог О.С. Малышева өткізді.
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында лицейде педагог-психолог «Өмір, мен сені сүйемін!» тренингін өткізді. #Өмір_мен_сені_сүйемін
«Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей» КММ-де оқушылар мен олардың ата-аналарын біріктірген «Эко-фантазия» шығармашылық көрмесі зор табыспен өтті. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ-де облыстық кітапхана өкілдері оқушылар мен педагогтер арасында Республикалық оқу марафонын өткізуге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Еңбек апталығы аясында лицейде «Менің арманымдағы мамандық» атты фотокөрме-таныстырылым өтті, оған 2-сынып лицеистері қатысты. Балалар өздерін түрлі мамандық иелерінің бейнесінде көрсетті: дәрігер, ғалым, ұшқыш, спортшы, суретші, құтқарушы және басқа да мамандар. Көрме балаларға қиялын ұштауға, армандары туралы айтуға және болашақ мамандығы туралы ойлануға көмектесті.