На портале размещены около 1000 образовательных учреждений и несколько крупных районных и областных отделов образования. Цели портала является автоматизация и структурирования деятельности учреждений образования в единой цифровой среде а также развитие сферы образования путем ведения новых методов обучения посредством интеграции вспомогательных сервисов таких как e-learning c возможностью получения сертификации о прохождении обучения или повышения квалификации катирующееся как в странах СНГ, так и во всем мире.
Также платформа дает возможность быть вовлеченным в образовательные процессы не только учреждения но и населению, профильным специалистам, центрам по повышению квалификации путем создания курсов всеми желающими как на бесплатной основе так и с монетизацией
Шу ауданы білім бөлімінің “Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (РО) мектебі”кмм 2025ж 30-қыркүйек күні “Қамқор” әлеуметтік жобасын жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында қарттар күніне орай "Үлкенге құрмет, кішіге ізет ұранымен Төле би ауылының тұрғыны Мырзақұлов Базарқұл атамызға 10-сынып оқушылары “Қоғамға қызмет ету ” волонтерлық көмек көрсету мақсатында барып қайтты. Мақсаты:Қоғамға және үлкен кісілерге адал қызмет етуді түсіндіре отырып, жауапкершілік,адалдық қасиеттерін дамыту, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Оқушылар Базарқұл атаны "Қарттар күні" мерекесімен құтықтап жылы лебіздерін білдірді.Атамызға оқушыларымыз күзгі жинастыру жұмыстарына көмек көрсетті. Базарқұл ата білім алушыларға алғысын айтып,батасын берді. #Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы #Қамқор_жобасы #Қарттар_күні
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасында 2025 жылдың 30 қыркүйек күні қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Абай дара, Абай дана қазақта!» тақырыбында әдеби сағаты 7 «Д» сыныбы оқушыларымен ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Жанатауова Айнаш Құспанқызы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі және ақыл, білімге толы мұраларын кеңінен насихаттады. Оқушылар тапсырма орындауда белсене қатысып, ақыннын қара сөздерін талқыға салып, өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. #Адал_азамат #Абай180жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де алдын алу шаралары: "Қауіпсіз қоғам " жобасы аясында 2025 жылдың 30 қыркүйек күні Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен «Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ –түрік университеті, Яссауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, Теология РҺD докторы Бауыржан Насырдинұлы Сайфуновпен кездесу өткізілді. Шараға мектептің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Тойбаев Азамат Қанатович, мектеп директоры Султанова Махаббат Тулегенқызы және 10-11 сынып білім алушылары қатысты. Кездесу барысында қауіпсіз қоғам құру туралы баяндама оқылып, құқықбұзушылық үшін жауаптылық туралы ақпарат берілді. #Қауіпсіз_қоғам
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-де алдын алу шаралары: "өмірге салауатты қадам" жобасы аясында 2025 жылдың 30 қыркүйек күні «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәрісі ұйымдастырылды. Шараға аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің психологы Шонғарбаева Гүлнұр Айдарханқызы, аудандық аурухананың акушер маманы Амангелді Салтанат Сейтжанқызы, аудандық әлеуметтік қызмет көрсету қызметкері Аубакирова Бота Қанатқызы , директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Мырзаханова Лаура Әуесханқызы, Адалбекова Асем Рустемовна және 8-9 сынып қыздары қатысты. Дәріс барысында ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары туралы баяндама оқылды, «Қорқынышты жеңу» атты треннинг өткізілді, жауапты мінез-құлық пен денсаулыққа дұрыс қарау жайлы маңызды ақпараттар берілді. #өмірге_салауатты_қадам #Адал_азамат