На портале размещены около 1000 образовательных учреждений и несколько крупных районных и областных отделов образования. Цели портала является автоматизация и структурирования деятельности учреждений образования в единой цифровой среде а также развитие сферы образования путем ведения новых методов обучения посредством интеграции вспомогательных сервисов таких как e-learning c возможностью получения сертификации о прохождении обучения или повышения квалификации катирующееся как в странах СНГ, так и во всем мире.
Также платформа дает возможность быть вовлеченным в образовательные процессы не только учреждения но и населению, профильным специалистам, центрам по повышению квалификации путем создания курсов всеми желающими как на бесплатной основе так и с монетизацией
“Ғажайып химия” үйірмесі – қызықты тәжірибелер әлемінде! Жазғы мектеп жанындағы лагерьде өткізілген “Ғажайып химия” үйірмесінде оқушылар химия ғылымының таңғажайып қырларымен танысты. Үйірме барысында ең алдымен балаларға зертханалық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, химиялық тәжірибелерді орындау кезінде сақталатын талаптармен таныстырылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бірнеше әсерлі әрі қауіпсіз тәжірибелер көрсетілді: «Жанартау» тәжірибесі – химиялық реакция нәтижесінде пайда болған көбік арқылы жанартаудың атқылауын бейнеледі; «Шарды үрлеу» тәжірибесі – реакция кезінде бөлінген газдың шарды өздігінен үрлеу құбылысын көрсетті; «Фараон жыландары» – химиялық реакция нәтижесінде пайда болған ерекше пішіндер балаларды таңғалдырды «Йодты түссіздендіру» тәжірибесі – заттардың қасиеттері мен химиялық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік берді. Үйірме барысында оқушылар тәжірибелердің нәтижелерін қызығушылықпен бақылап, химия пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттырды. Осындай қызықты жұмыстар арқылы балалар ғылымның құпия сырларына қанығып, жаңа білім алды. Үйірме жетекшісі: Сатыбалды Аяна Мұратқызы. #ЖазғыМектеп #ЖазғыЛагерь #ҒажайыпХимия #ХимиялықТәжірибелер #STEM #СатыбалдыАянаМұратқызы #БалаларҒылымӘлемінде
Жазғы лагерь аясында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) оқушылар үшін «Kino Time» атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй сыйлау және достық қарым-қатынасты нығайту болды. Кино көру барысында оқушылар қызықты оқиғаларға куә болып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен жақсы тәлім-тәрбие алды. Кино көрсетілімінен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ұнаған кейіпкерлері мен қызықты сәттер туралы пікір алмасты. Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы демалыстың жарқын күндерінің біріне айналды. Жазғы лагерьдегі әр күн балалар үшін қызықты да пайдалы өтуде! #ЖазғыЛагерь #KinoTime #КиноСағаты #БалаларДемалысы #МұқағалиМақатаевМектебі #РО #Жаз2026
«Әлем баланың көзімен» Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға және өмірге деген көзқарасын шығармашылық арқылы бейнелейтін тақырып. Бұл тақырып балалардың қиялын, арманын, мейірімділігін және дүниетанымын көрсетуге бағытталған. Мақсаты; Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту; Қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; Балалардың арман-мұраттарын бейнелеуге мүмкіндік беру; Бейбітшілік пен достық құндылықтарын насихаттау. Баланың көзімен қарағанда әлем – жарқын түстерге толы, мейірімді, бақытты және қызықты мекен. Балалар үшін әлем – достық, отбасы, табиғат, ойын, білім және арман әлемі. «Әлем баланың көзімен» – бұл балалардың қиялы мен арманы бейнеленген ерекше шығармашылық алаң. Әр суретте мейірім, достық, бейбітшілік және жарқын болашаққа деген сенім көрініс табады. Балалар өз әлемін түрлі-түсті бояулар арқылы жеткізіп, айналасындағы сұлулықты паш етеді. Жетеешілері; Динасова Нурмангалиева Г
Қызықты математика» үйірмесі Жазғы лагерь аясында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық білімдерін жетілдіру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қызықты математика» үйірмесі өткізілді. Үйірме барысында оқушылар «Білгір математик» атты математикалық викторинаға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап берді, логикалық есептер шешіп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылық ойлау қабілеттері дамыды. Іс-шараны математика пәнінің мұғалімі Тілеуқұл Н. ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, математика әлеміне қызықты саяхат жасап, көтеріңкі көңіл-күймен жақсы әсер алды. #ЖазғыЛагерь #ҚызықтыМатематика #БілгірМатематик #МұқағалиМақатаевМектебі #РО #БілімдіҰрпақ
Көңілді уақыт – жарқын эмоция! Мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде балалар көтеріңкі көңіл-күймен қызықты уақыт өткізді. Демалушылар заманауи әуен ырғағымен би билеп, көңілді ойындарға қатысып, бір-біріне шаттық сыйлады. Әсіресе балалар арасында танымал TikTok тренд билері ерекше қызығушылық тудырып, лагерь қатысушылары белсенділікпен заманауи билерді орындады. Көңілді сәттер балалардың жазғы демалысын жарқын естеліктерге толтырды. «Көңілді жаз – көтеріңкі көңіл мен ұмытылмас сәттер мекені!»
«Әлем баланың көзімен» сурет байқауы Мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Әлем баланың көзімен» тақырыбында сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар өз қиялындағы әсем әлемді қағаз бетіне түсіріп, бейбіт өмірді, табиғатты, достықты және бақытты балалық шақты түрлі-түспен бейнеледі. Әрбір суреттен балғындардың таза көңілі мен шексіз қиялын көруге болады. Іс-шара барысында бүлдіршіндер белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Бала қиялы – шексіз әлем!»
4 июня в Республике Казахстан отмечается День государственных символов. Этот день посвящён утверждению государственных символов страны, которые являются основой государственности и национальной идентичности. 4 июня 1992 года вошли в историю Казахстана как день, когда были утверждены официальные государственные символы: флаг, герб и гимн. С тех пор каждый год эта дата отмечается как День государственных символов — особый праздник, символизирующий независимость, суверенитет и единство народа страны. Этот день официально закреплён в Конституционном законе «О государственных символах Республики Казахстан» как государственный праздник и празднуется в Казахстане с 2007 года. В День государственных символов в Астане, Алматы и во всех регионах Казахстана проходят торжественные мероприятия. Они начинаются с поднятия государственного флага и исполнения гимна республики.
#Центр_Психологической_Поддержки #СҚО Әкімдігінің Білім Баскармасы #Учусь _быть_спокойным_ быть_сильным. "Я справляюсь с сильными эмоциями"