Көктемгі су тасқыны кезінде су айдындарында балалардың өліміне байланысты ТЖ болдырмау мақсатында 1-4 сынып оқушыларына " Назар аударыңыз, су тасқыны!" атты танымдық мультфильм көрсетілді.
#бір_тұтас_тәрбие <br />#өзін_өзі_басқару <br />4 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде "Көңілді көктем" тақырыбында Жайдарман фестивалі өтті. Жайдарманға мектебіміздің "Жеті керемет" командасы қатысты. Оқушыларымыз ойынға алғаш рет қатысып тұрсада, өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алды. <br />Ойын соңында ұйымдастырушылар тарапынан диплом табысталды.
04 сәуірде “Адамгершілік педагогикасы” негізінде ұстаздар арасында брифинг ұйымдастырылды. Қатысушыларға танымдық ақпарат беріліп, ИҚК мамандары тарапынан тренинг жүргізілді. Сонымен қатар тыңдаушылар инклюзивті білім алушының жағымды тұстарын тану мақсатында ұйымдастырылған тақырыптық воркшопта жұмыс жасады.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімделу, оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" облыстық экологиялық жобалар конкурсы өтті.
2024 жылдың 3-4 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» онлайн семинар – тренинг өткізілді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Кенжекөл орта мектебінде «Мектептің инклюзивті білім беру кеңістігінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуға жағдай жасау, инклюзивті білім беруді іске асырудың жаңа тәсілдері» атты қалалық семинар-практикумын өткізді. 60-тан астам пән мұғалімдері, бастауыш сыныптар, логопедтер, педагог-психологтар, қала мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.
«Оқу мектебі» жобасы аясында 1 - 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітабым» облыстық байқауының қалалық кезеңі 2024 жылдың 1 - 19 сәуір аралығында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, мәдени дағдыларын дамыту, жазушы, филолог, Қазақстанның қоғамдық және саяси қайраткері, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повестерін насихаттау мақсатында өткізіледі.
Түркістаннан келген Павлодар би ұжымы салтанатты түрде оралды. Онда Республикалық хореографиялық фестиваль өтті. Павлодар облысының атынан Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы бейіндік мектебінің 3 - 5 сыныптардың 11 оқушысынан тұратын би ұжымы қатысты. Халықаралық байқау-фестиваліне Қырғызстан, Татарстан және Қазақстан қалаларының ұжымдары қатысты.