2024 жылғы 27 наурызда «Ю.А.Гагарин атындағы №14 орта мектеп» КММ «Педагогтің әдістемелік өнімі кәсіби шеберліктің көрсеткіші ретінде» жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинар бағдарламасы қашықтықтан оқыту кезінде әдістемелік өнімдерді құруға қатысты өзекті мәселелерді қамтыды.

Семинар қашықтықтан білім беру саласындағы педагогтердің қызметін ақпараттық-әдістемелік қолдау (әртүрлі онлайн-платформалармен, сервистермен практикалық жұмыс), олардың кәсіби шеберлігін арттыру, жеке педагогикалық қабілеттерін ашу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың практикалық бөлімінде әріптестер бейне сабақтың үзінділерін, жұмыс парағын және басқа да түрлі онлайн-нысандарды жасауға белсенді қатысты.

"Тоғыз ай - 9 іс-шара" тұжырымдамасы негізінде. Біздің мектепте "Домбырашылар" челленджі өтті.

"ТӨРЛЕТ ӘЗ - НАУРЫЗ!" мектеп кітапханасында Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп кітапханашысы Тохтарбай Б. кішкентай оқырмандарға арналған кітапханалық көрме ұйымдастырды.

2024 жылдың 27 наурыз күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де “Мектеп ұжымының біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін құру” тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1.ҚР білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы / ТІО Амиржанова Б.К./
2.3- тоқсан қорытындысы / ОІО Жолдаспаева Г.М/
3.Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері / ОІО Қайыржан Д.Қ./
4.Дене шыңықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру / дене шынықтыру пәні мұғалімі Узаков Е.Н./
5.Әр түрлі сұрақтар
Қаралған мәселелердің нәтижесінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар берілді.
Наурыз мейрамын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде біздің мектепте "Адал азамат" тақырыбында іс-шара өткізілді
Мектебімізден байқауға 7 «Б»-сынып оқушысы Жұмабай Іңкәр қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі - К. А. Мукей. Іңкәр мен жетекшісін жеңістерімен құттықтай отыра, биік белестерден көрінуге тілектеспіз!
«Радуга» сауда-өндірістік компаниясына жасаған экскурсия барысында оқушылар сабын, қағаз және пластмасса бұйымдарын өндірудің әр кезеңімен танысты: табиғи ингредиенттерді таңдаудан бастап соңғы өнімге дейін. Бізге процесс, араластыру, қалыптау және орау техникасы туралы айтылды. Біз әрбір өндіріс қатаң сапа мен қауіпсіздік стандарттарын сақтайтынын білдік. Сондай-ақ бізге «Радуга» ТПК колледжі туралы айтылды, онда студенттер екінші курстан бастап дуальды оқытудан өтіп, ішкі процестерді оқиды. Бұл оларға болашақ мансабында көмектесетін құнды дағдылар мен тәжірибе алуға көмектеседі. Өндіріс пен оқытудың қызықты әлеміне ену мүмкіндігі үшін «Радуга» ТПК-ға рахмет!
Педагогикалық кеңестегі психологиялық қызмет мәселесі: желідегі қауіп: кибербуллинг. Сандық кеңістіктегі бақылау әдістері.
Өскемен қаласында өткен волейболдан ҚР чемпионатында аймақ командасының құрамасында өнер көрсеткен 10 «А» сынып оқушысы Оспанова Айзере 3-орынға, 8 «Д» сынып оқушысы Тлектес Бекзат 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!💐