2024 жылғы 20 наурызда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Екібастұз қаласының №6 сәбилер - бақшасы көптілді дамыту орталығының базасында «Мектепке бағдар» облыстық жобасы аясында «Кейс-технология балабақша мен мектептің сабақтастығының нысаны» тақырыбында педагогикалық шеберханасын өткізді.
Семинар барысында қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекетінің ашық түрлерін қарады, «Альфа» ұрпағының балалары» кейс – сессиясына қатысты, сабақтастық мәселелерін талқылады және оларды шешу жолдарын белгіледі. Семинар аясында көптілді даму орталығының педагогтері осы бағытта заманауи білім беру технологияларын қолдану бойынша шеберлік сағаттарын ұсынды.
Жемісті жұмыс аяқталғаннан кейін педагогтер өз әсерлерімен, кәсіби тәжірибелерімен және бақылауларымен белсенді бөлісті. Мәселелерді талқылау барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
#НАУРЫЗ#МЕЙРАМЫ#
2024 жылдың 20 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында «Адай күйі» , «Төрлет, Наурыз» , «16 қыз» атты әндері орындалып, «Беташар», «Қоныс той » салт-дәстүрлері көрсетілді. Мерекелік бағдарламаның 1-ші бөлімі жанға жағымды, тәнге пайдалы «Қара жорға» биімен аяқталды.
Бағдарламаның 2-ші бөлімінде «Шынықсан, шымыр боласын!» ұранымен ойнатылған «Арқан тарту», «Оқтау тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» ұлттық ойындары мерекенің шырайын келтірді.
Мерекелік бағдарламаның сонында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, дайындалған наурыз көжеден, ыстық палаудан, бауырсақтан дәм татып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.
#бір_тұтас_тәрбие
#Наурыз2024
20 наурыз - Ұлттық спорт күні.
Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сынды түрлі ойындар бар. Бұл ойындар әсіресе, Наурыз мерекесінде кеңінен насихатталады.
Ұлттық спорт күніне орай мектебімізде оқушылар, ұстаздар және ауыл жастары арасында бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Барлығы белсенді қатысып, сыйлықтармен марапатталды.