Жаңарту күні ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстанның бірлігін нығайтуға арналған.Қазақстан үшін Наурыз - бұл тек қуанышты күтулердің ғана емес, өткенді қайта қараудың және болашаққа жоспар құрудың уақыты.
19.03.2024 жылы Қайрат орта мектебі жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Әз Наурыз, қош келдің!" тақырыбында наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде "Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ 18-наурыз "Ұлттық киім" күні өтті.
#біртұтас_тәрбие
#тоғыз_айда_тоғыз_іс_шара
Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады.

Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары "Домбырашылар"
челленджіне қатысты. Челлендж мақсаты: білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.