Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.03.2024

Абай гимназия мен Лекер мектебі: Тәжірибешілік алаңда кездесті

<p>2024 жылғы 15 наурыз күні Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында «Қаладан - ауылға» ынтымақтастық жоба аясында   Лекер негізгі мектебі мұғалімдерімен бірге «Тәжірибешілік алаң» семинары өткізілді. Семинар барысында қазақ тілі, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  дуэт тәжірибелік сабақтары өтті. Аталған тәжірибе алаңында қазіргі заманғы талаптарды сақтай отырып, пән мұғалімдері функционалдық сауаттылық, білім беру концептілеріне ерекше назар аударып өткізді. Гимназияның мұғалімдері Смагулова Айгуль Сагынтаевна мен Казиева Багда Адилхановна Лекер жалпы негізгі мектебі мұғалімдеріне психологиялық қолдау мақсатында «Команда құру жолдары» тақырыбында тренинг-шеберлік сағатынөткізді. Тренинг барысында мұғалімдерге оқыту үдерісінде тиімді қолдануға болатын әдістердің түрлері ұсынылып, практикада көрсетілді. Тәжірибе жинақтаушы мұғалімдер ең тиімді әдістерді өз қоржындарына қосып, қажетті кеңес алды. Семинардың соңында тығыз ынтымақтастық жағдайында пікір аламасу алаңы ұйымдастырылды. Осы кезде сабақ берген пән мұғалімдері өз пікірлерімен бөлісіп, гимназия мұғалімдерімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біршама әдістемелік көмек алғандарын атап өтіп, алғыстарын білдірді.</p>

18.03.2024

"Бойжету жолында"

Мектептің психологиялық қызметі 6-сынып қыздарына "Бойжету жолында" тренингтік сабақ ұйымдастырып, өткізді .

18.03.2024

Оқушылар жетістігі

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары Мақсатұлы Нұркен мен Амантұрлы Исатай 2024 жылдың 16-17 наурызында Астана қаласы Назарбаев Университеті базасында өткізілген робототехникадан "Robotex Kazakhstan"республикалық іріктеу турнирінің нәтижесінде Туркия Республикасы ұйымдастырушыларының атынан шақырту алып ,сәуір айында  Анталия қаласында өтетін "Robotex Turkiye 2024 "халықаралық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.Жетекшісі : Кабакова Гулима